Официальный интернет-ресурс

Государственное коммунальное казенное предприятие Мунайлинская центральная районная больница

"Батыр" дәрігерлік амбулаториясында, тұрғындар арасында "Дүниежүзілік инсульт күніне" арналған "Білгеніңіз ұзақ өмір сүргеніңіз" атты іс-шара жұмыстары жүргізілді

              Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасының іс шара жоспарын орындау аясында, ағымдағы жылдың, қазан айының жиырма алтыншы жұлдызы күні, "Батыр" дәрігерлік амбулаториясында, тұрғындар арасында "Дүниежүзілік инсульт күніне" арналған "Білгеніңіз ұзақ өмір сүргеніңіз" атты іс-шара жұмыстары жүргізілді.

             Сонымен қатар, жалпы тәжірибелі дәрігер тарапынан, тұрғындарға аурудың белгілері, "Инсульт дегеніміз не?" атты тақырыбы бойынша, жалпы аурудың алдын алу, сонымен қатар алғашқы медициналық көмекке жүгіну керек екендігі жайында айтып өтті. 

              Сондай-ақ, психолог маманы: Г.А.Жамалова, қосымша түсініктер беріп, қатысушыларға бетшелер таратты. "Денсаулық" бұрышы жасақталып "Инсульт тоқта" атты тақырыбы бойынша, тұрғындар арасында түсінік жұмыстары жүргізілді.


           Қатысқан тұрғындар саны: 20.

           Таратылған бетшелер саны: 35.


            Мұнайлы орталық аудандық емханасы.

            26.10.2018 жыл.