Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасының іс шара жоспарын орындау аясында, ағымдағы жылдың, қазан айының жиырма алтыншы жұлдызы күні, "Атамекен" елді мекеніндегі, №7-ші жалпы білім беру мектебінде БМСККО "Атамекен" аға дәрігері: Л.А.Джулдызова мен психолог маманы: Г.А.Жамалованың ұйымдастыруымен, оқушылар арасында "Дүниежүзілік инсульт күніне" арналған "Білгеніңіз ұзақ өмір сүргеніңіз" атты іс-шара жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, жалпы тәжірибелі дәрігер: М.Н.Оразбаева оқушыларға аурудың белгілері, "Инсульт дегеніміз не?" атты тақырыбы бойынша, жалпы аурудың алдын алу, сонымен қатар алғашқы медициналық көмекке жүгіну керек екендігі жайында айтып өтті.
Сондай-ақ, психолог маманы: Г.А.Жамалова, қосымша түсініктер беріп, қатысушыларға бетшелер таратты. "Денсаулық" бұрышы жасақталып "Инсульт тоқта" атты ұранымен флешмоб өткізілді. Тақырып соңында, оқушылар арасында өз түсініктерін тыңдап, оқушыларға мадақтаулар айтылды.
Қатысқан оқушылар саны: 70.
Таратылған бетшелер саны: 35.
Мұнайлы орталық аудандық емханасы.
26.10.2018 жыл.