Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының іс –шара жоспарын орындау аясында, "Сүт безі обыры ауруының алдын алу" туралы халықтың ақпарат алуын арттыру мақсатында, ағымдағы жылдың жиырма екінші жұлдызы күні, Батыр дәрігерлік амбулаториясының аға дәрігері: Бекниязова Гүлзира Иманбайқызы және психолог маманы: Жамалова Гүлімхан Аралбайқызының ұйымдастыруымен, дәріс оқылды.
Сонымен қатар, дәріс, тұрғындар арасында жүргізіліп, Жалпы тәжірибелі дәрігер: А.Е.Бердимуратов түсінік жұмыстарын жүргізді. Аға дәрігер: Бекниязова Гүлзира Иманбайқызы, жалпы әйелдерге уақытылы скринингтен өту керек екендігі жөнінде айтып, психолог маманы: Жамалова Гүлімхан Аралбайқызы, тақырыпқа қосымша түсініктер айтып өтті. Дәрігерлер тарапынан да, түсінік жұмыстары кең түрде жүргізіліп, сұрақ-жауаптармен алмасты.
Сондай-ақ, денсаулық бұрышы жасақталып, қосымша №10-шы жалпы білім беру мектебінде, жоғарғы сынып оқушылары арасында «Менің таңдауым-салауатты өмір салты!» атты тақырыбында, сынып сағаты өткізіліп, оқушылар арасында «Бүгіннен болашақты ойла» атты флешмоб өткізілді.
Қатысқан тұрғындар саны: 17;
қатысқан оқушылар саны: 20.