Официальный интернет-ресурс

Государственное коммунальное казенное предприятие Мунайлинская центральная районная больница

ТІРКЕУ НАУҚАНЫНА ҚАТЫСТЫ СҰРАҚ-ЖАУАП

1.Емханаға қалай тіркелуге болады?

1). Бұрынғы емхананың қызметі көңіліңізден шықса Тіркеу науқаны барысында қайта тіркелудің қажеті жоқ.

2). Емхананы: басқа жерге қоныс аударғанда, жұмысын, оқу орнын ауыстырғанда, жазасын өтеу мерзімі аяқталғанда, әскери борышын өтеу мерзімі біткенде, бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымы (БМСК) жабылғанда немесе қайта ұйымдастырылғанда, сондай-ақ, жыл сайын 15-қыркүйек пен 15-қараша аралығында өтетін тіркеу науқаны барысында ауыстыруға болады.

Өзіңіз тіркеуде тұрған емхана қызметіне көңіліңіз толмаған жағдайда да өзге емдеу ұйымына тіркелуге болады.

Тіркелудің үш түрлі жолы бар:

Егер сіз таңдаған дәрігерге тіркелген азаматтар саны тиісті межеден асып кеткен болса, тіркеу бөліміндегілер сізге басқа маманды ұсынады. 

2.Емхана таңдауға қатысты ұсыныстар.

3.Емханаға өзім барып, отбасы мүшелерін тіркей аламын ба? 

Иә.

Отбасының өзге мүшелерін тіркеу үшін олардың жеке куәліктері мен жазбаша келісімі қажет (ересектер үшін). Ал, 18 жасқа толмаған тұлғаларды тіркеу үшін ата-аналардан (немесе баланың қамқоршысынан) жеке куәлік (баланың атынан өкілдік ете алатынын растайтын құжат) пен баланың жеке құжаты талап етіледі. Олардың да өзіңізбен бірге тіркелетінін өтініште жазып көрсету қажет.

4.Екі немесе одан да көп емханаға тіркелуге бола ма?

Иә. Бірақ азамат емханаға ерікті сақтандыру келісімшарты арқылы тіркелсе және келісімшарт бойынша оған медицина ұйымының ел аумағындағы барлық филиалдарында қызмет көрсетілетін болса ғана екі емханаға тіркелуге болады.

5.Басқа емханаға тіркелген жағдайда, оның қызметін қай кезден бастап пайдалана аламын? 

ЕКІ НҰСҚА:

1 НҰСҚА                                                                2 НҰСҚА

6.Үйге дәрігер шақыру жайлы

Есіңізде болсын, сізге үйіңізге барып қызмет көрсету мәселесін тіркелген дәрігеріңіз шешеді. 

7.Оралмандар мен шетел азаматтарын тіркеу туралы.

Оралмандар, Қазақстан республикасы аумағында тұрақты тұрып жатқан шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар тіркеу науқаны кезінде емханаларға кедергісіз тіркеле алады. СОНДЫҚТАН, ЕМХАНАЛАР АТАЛҒАН ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ӨТІНІШІН ҚАБЫЛДАП, ОЛАРДЫ ТІРКЕУГЕ МІНДЕТТІ 

8.Тіркеуден қандай жағдайда бас тартуы мүмкін?

Оған 5 түрлі жағдай себеп болуы мүмкін                                                                                                                                                                                                                                                                                       

1. Сіз таңдаған емханаға тіркелген азаматтар саны белгіленген межеден асып кетсе. 1 жалпы практика дәрігері 1,7 мың адамнан артық қабылдай алмайды.

2. Мемлекеттік мәліметтер базасында сіздің тұрғылықты жеріңіз туралы дерек жоқ немесе берілген мәліметтер дұрыс болмаса.

3. Балаларды тіркеген жағдайда - баланың атынан әрекет ететінін растайтын құжаттары болмаса.

4. Жеке меншік сақтандыру компаниясымен келісімшарт бекіткен емханада сіздің полис иесі екеніңізді растайтын мәліметтер болмаса.

5. Тіркеу туралы мәліметтер базасында азаматтың соңғы рет өз өтініші негізінде емес, комиссия шешімі бойынша тіркелгенін растайтын мәліметтер болмаса.

9.Бір емханаға тіркеліп, белгісіз себептермен екіншісінде тіркелген болып шықса. Оған не себеп болуы мүмкін?

Оның себептері әртүрлі. Негізгі себептері мынадай болуы мүмкін:

1.Емхана Қормен арадағы халыққа қызмет көрсету туралы келісімшарттан бас тартқан;

2.Емхана өзінің қондырғылармен тиісінше жабдықталғанын және мамандарының жеткілікті екенін құжат негізінде растай алмаған және Қордың онымен келісімшарт бекітуге құқы жоқ;

3.Емхана жабылды, қайта ұйымдастырылды немесе тіркеу науқаны аяқталғаннан кейін көп ұзамай меншік иесі ауысып кетті.

10.Тіркелгеннен кейін емхана халыққа қызмет көрсетпейтін болса не істеймін? Қайда барып қараламын?

Емхана тіркелген азаматтарға болған жағдай туралы алдын ала хабарлауға міндетті. Тіркеу тәртібі бойынша емханалар азаматтарды мынадай мерзімдерден кешіктірмей құлақтандыруы тиіс:

- қызметтерді сатып алу туралы келісімшарт бұзылғанға (немесе өзгергенге) дейін, қайта ұйымдастыру мен жабу жайлы шешім қабылданғанға дейін 30 күн бұрын 

-  медициналық қызмет көлемі қор тарапынан бөлінбей қалғаны белгілі болған күннен бастап екі күн ішінде.

Емхана болған өзгерістерді тіркелген халықтың тұрғылықты жері бойынша хабарлайды. 

Содан кейін Медициналық сақтандыру қоры жергілікті органдар мен денсаулық сақтау басқармаларына хабарласып, емханалар арасындағы территорияларды бөліске салу туралы құжат сұрайды.

Арнайы комиссия тіркелген азаматтарды Қормен келісімшарт бекіткен емханаларға бөледі.   

Жаңа емхана сізді өздеріне тіркегенін хабарлайды. Сіздің бұл шешіммен келіспеуге және өзіңіз тұратын аймақта қызмет көрсететін жеткізуші ұйымдар ішінен басқа емхананы таңдауға хақыңыз бар.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалының материалдары бойынша