Ағымдағы жылдың, қазан айының оныншы жұлдызы күні Мұнайлы ауданындағы, Маңғыстау мекенінде орналасқан, №1 жалпы орта мектебінде, мектеп оқушылары арасында "Тәуекел топтағы жасөспірімділердің мінез-құлық сипаты" атты тақырыбы бойынша семинар сабақ өткізілді.
Семинардың негізгі мақсаты: Жасөспірімділердің тұлғалық ерекшеліктерін психологиялық түзету және мінез-құлықтағы ауытқушылықтың алдын алу бағыттары мен формаларымен таныстыру.
Семинар сабақты, инфекционист дәрігері: Сапарғалиева Әсия Жолдасханқызы, СӨСҚОММ меңгерушісі: Жиенбаева Гүлжанат және психолог маманы: Орунбасарова Мариям Нұрлыханқызының ұйымдастыруымен оқушыларға психикалық мінез-құлық қасиеттеріне байланысты, әр түрлі сұрақтар қойылып, психологиялық тренинг жүргізілді.
Сонымен қатар, психолог маманы тарапынан, оқушыларға психологиялық сауалнамалар беріліп, оқушылар өз пікірлерімен бөлісті.
Қатысқан оқушылар саны: 30.
Мұнайлы орталық аудандық емханасы,
10.10.2018 жыл.