Официальный интернет-ресурс

Государственное коммунальное казенное предприятие Мунайлинская центральная районная больница

Батыр дәрігерлік амбулаториясында, психолог маманы: Жамалова Гүлімхан Аралбайқызы және аға медбике А.А.Серикованың ұйымдастыруымен, тұрғындар арасында «Жүрек қан тамыр ауруының алдын алу» атты тақырыбында дәріс оқылып, түсінік жұмыстары жүргізілді

        Ағымдағы жылдың, қыркүйек айының жиырма бірінші жұлдызы күні, Батыр дәрігерлік амбулаториясында, психолог маманы: Жамалова Гүлімхан Аралбайқызы және аға медбике А.А.Серикованың ұйымдастыруымен, тұрғындар арасында «Жүрек қан тамыр ауруының алдын алу» атты тақырыбында дәріс оқылып, түсінік жұмыстары жүргізілді. 

        Негізгі мақсаты: Тұрғындарға, аурудың алдын алу туралы түсіндіру және тәжірибе жүзінде бетшелер арқылы талдау, талқылау жұмыстарын жүргізу.

        Дәрісті, Жалпы тәжірибелі дәрігер:  Т.Б.Әлімбетова оқыды. Жалпы, денсаулық жөнінде күтіну, спортпен айналысу, құнарлы тамақтану, күйзелістердің алдын алу мақсатында, тақырып, кең, әрі түсінікті жүргізілді. 

       Сондай-ақ, денсаулық бұрышы жасақталып, тұрғындар мен дәрігерлер арасында сұрақ жауаптар болды. Психолог маманы: Г.А.Жамалова тарапынан, тұрғындарға арнайы бетшелер таратылды. 

    

         Қатысқан адамдар саны:15.

         Бетшелер саны:15.


        Мұнайлы орталық аудандық емханасы,

        21.09.2018 жыл.