Ағымдағы жылдың, қыркүйек айының жиырма алтыншы жұлдызы күні, Қазакстан Республикасы Денсаулық сақтау Министірлігінің Қоғамдық Денсаулық сақтау Комитеті Төрағасының, 03.07.2018-ші жылғы, медиа жоспары негізінде және биылғы жылы, Республика денгейінде, "Менингококк" инфекциясы ахуалының тұрақсыз болуына байланысты және басқа да жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында «Таза қол» ұранымен, Батыр дәрігерлік амбулаториясында, психолог маманы: Г.А.Жамалова және аға медбике: А.А.Серикованың ұйымдастыруымен, №10-шы мектеп 5, 6 жас оқушылары арасында акция өткізілді.
Сонымен қатар, балаларға қол жуу ережесін мектеп медбикелері және КРР медбикесі: С.Абдиганиева, дәріс оқып, түсінік жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ, оқушылар арасында, "Флешмоб" ұйымдастырылып өткізілді. Жалпы, балалар мен медбикелер арасында сұрақ жауаптар болды. Балалар тақырыпқа қөңілді қатыса отырып, қосымша мультфильмдерді тамашалады.
Қатысқан балалар саны: 25.
26.09.2018 жыл.