Ағымдағы жылдың, қыркүйек айының он үшінші жұлдызы мен жиырма бірінші жұлдызы күндерінің арасында, Атамекен-1 дәрігерлік амбулаториясының аға дәрігері: Г.Б Садвокасованың ұйымдастыруымен, биылғы жылы Республика деңгейінде, "Менингококк" инфекциясы ахуалының тұрақсыз болуына байланысты және басқа да жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша «Таза қол» ұранымен іс- шара өткізілді.
Шараның негізгі мақсаты: Балаларға қол жуу ережелерін түсіндіре отырып, пайдалы мүмкіндіктері мен адам денсаулығының нышаны екендігін тәжірибе жүзінде дәлелдеу.
Сонымен қатар, іс-шараны, мектеп медбикелері: Бимурзаева Нағима, Қарашова Құралай және А.Алимаганбетова «№8,12-ші орта мектептерінде» және Атамекен-1 дәрігерлік амбулаториясының психолог маманы: Ж.Амен, «Шағала», "Бәйтерек" балабақшаларында жеке бас гигиенасын сақтау ережелерін үйрету, балаларға қолды жуу қажеттілігі туралы мультфильмдер көрсетті.
Сондай-ақ, өздігінен қол жуа алмайтын балаларға қол жууды үйрете отырып, орамалмен сүртуді айтып, тәжірибе жүзінде қол жуу әдістерін тексеріп өтті.
№8,12-ші орта мектептерде қатысқан оқушылар саны:23.
"Бәйтерек", "Шағала" балабақшасында қатысқан балалар саны: 32.
Мұнайлы орталық аудандық емханасы,
13.09.-21.09.2018 жыл.