Официальный интернет-ресурс

Государственное коммунальное казенное предприятие Мунайлинская центральная районная больница

Мұнайлы орталық аудандық емханасындағы, "Отбасын жоспарлау" кабинетінде "Дені сау бала кабинеті" бойынша, "Ана сүтінің маңызы" және "Тамақтану кезіндегі гигиена" атты тақырыптарға байланысты, семинар сабақ өткізілді

         Ағымдағы жылдың, қыркүйек айының он үшінші жұлдызы күні, Мұнайлы орталық аудандық емханасындағы, "Отбасын жоспарлау" кабинетінде "Дені сау бала кабинеті" бойынша, "Ана сүтінің маңызы" және "Тамақтану кезіндегі гигиена" атты тақырыптарға байланысты, семинар сабақ өткізілді.

         Шараның басты мақсаты: Баланы емізу жолдарын үйрету және жаңа туылған нәрестеден, 3 жасқа дейінгі балалардың дұрыс тамақтану ережелері мен бала ауруларының алдын алу жолдарын түсіндіру.

          Сонымен қатар, "Аналарға балаларын тамақтандыру жөнінде үйрету мектебі" бойынша сабақ өткізген медбике: Г.Каракулова. "Отбасын жоспарлау" кабинеті бойынша, акушер медбике: А.Сайлауова сабақ өткізіп, ал "Дені сау бала" кабинетінің медбикесі: Жансая Саттибаева, аналардың баланы дұрыс тамақтандырулары жөнінде біраз кеңестер айтып, іс-жүзінде көрсетіп, қосымша жұмыстарын жүргізді. 

         Сондай-ақ, психолог маманы: М.Боранбаева, аналарға психологиялық кеңестер мен түсінік жұмыстарын жүргізе отырып, арнайы бетшелер таратты.

     

         Қатысқан барлық адамдар саны: 9.


         Мұнайлы орталық аудандық емханасы,
         13.09.2018 жыл.