Официальный интернет-ресурс

Государственное коммунальное казенное предприятие Мунайлинская центральная районная больница

БМСККО Атамекен аға дәрігері: Л.А.Джулдызованың ұйымдастыруымен, "Жүкті әйелдердің дұрыс тамақтануы" атты тақырыбында дәріс оқып, күйзелістің алдын алу такырыптарында түсінік жұмыстарын кеңінен жүргізді

         Ағымдағы жылдың, қыркүйек айының он бірінші жұлдызы күні, БМСККО Атамекен аға дәрігері: Л.А.Джулдызованың  ұйымдастыруымен, "Жүкті әйелдердің  дұрыс тамақтануы" атты тақырыбында дәріс оқып, күйзелістің алдын алу такырыптарында түсінік жұмыстарын кеңінен жүргізді.

        Шараның басты мақсаты: Жүкті әйелдердің, жүктілік кезінде дұрыс тамақтануларын қадағалау, баланы емізу жолдарын үйрету және жаңа туылған нәрестеден, 3 жасқа дейінгі балалардың дұрыс тамақтану ережелері мен бала ауруларының алдын алу жолдарын түсіндіру. 

        Психолог маманы: Г.А.Жамалова, жүкті әйелдерге  дұрыс тамактану тақырыбында дәріс оқып, сәбидің толық өсіп дамуына септігі туралы түсінік беріп, арнайы бетшелер таратты.

        Таратылған бетшелер саны: 8.

        Қатысқан әйелдер саны 8. 


       Мұнайлы орталық аудандық емханасы,

       11.09.2018 жыл.