Официальный интернет-ресурс

Государственное коммунальное казенное предприятие Мунайлинская центральная районная больница

Мұнайлы орталық аудандық емханасында, "Жанұяны жоспарлау кабинетінде, "Жанұяны жоспарлау мектебі" бойынша, емхана акушері: Г.Күзембаева, әйелдерге "Жүкті болуыңызбен құттықтаймын" атты сабақ және аналарға "Дені сау бала мектебі" медбикесі: Ж. Сәттібаева, "Аналарға балаларын тамақтандыру жөнінде үйрету" мектебі бойынша медбикесі: Г. Каракулова семинар сабақ жүргізді

            Ағымдағы жылдың, қыркүйек айының алтыншы жұлдызы күні, Мұнайлы орталық аудандық емханасында, "Жанұяны жоспарлау кабинетінде, "Жанұяны жоспарлау мектебі" бойынша, емхана акушері: Г.Күзембаева, әйелдерге "Жүкті болуыңызбен құттықтаймын" атты сабақ және аналарға "Дені сау бала мектебі" медбикесі: Сәттібаева Жансая, "Аналарға балаларын тамақтандыру жөнінде үйрету" мектебі бойынша медбикесі: Г. Каракулова семинар сабақ жүргізді.            

           Семинардың басты мақсаты: Жүкті әйелдердің, жүктілік кезінде дұрыс тамақтануларын қадағалау, баланы емізу жолдарын үйрету және жаңа туылған нәрестеден, 3 жасқа дейінгі балалардың дұрыс тамақтану ережелері мен бала ауруларының алдын алу жолдарын түсіндіру.

          Сонымен қатар, аналарға босануға дайындық бойынша акушер: Г.Күзембаева, дәріс оқып, үйрету жұмыстарын жүргізді.

          Ал, дені сау бала кабинетінің медбикесі: Жансая Саттибаева, аналардың баланы дұрыс емізулері жөнінде біраз кеңестер айтып,іс-жүзінде көрсетіп, қосымша жұмыстарын жүргізді. 

         Сондай-ақ, психолог маманы: М.Боранбаева, аналарға психологиялық кеңестер мен түсінік жұмыстарын жүргізе отырып, арнайы бетшелер таратты.

         

           Қатысқан адамдар саны: 9.


          Мұнайлы орталық аудандық емханасы,

          06.09.2018 жыл.