Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөнінде іс-шаралар жоспары аясында, ана мен бала денсаулығын ерте жастан қорғаудың жалғыз сенімді тәсілі ретінде ана сүтімен емізуді насихаттау мақсатында 3-4 тамыз аралығында «10 қадам. Балаға тілектестік» ұранымен «Мен ана сүтімен тамақтанамын» тақырыбы жөніндегі семинар өткізілді. Семинарда аналар балаларын ана сүтімен қалай тамақтандыратын көрсетіп , бетшелер таратылды.