Официальный интернет-ресурс

Государственное коммунальное казенное предприятие Мунайлинская центральная районная больница

Мұнайлы орталық аудандық емханасындағы,"Балалар шағындағы ауруларды ықпалдастыра енгізу" кабинетінде, "Жүкті әйелдер мектебі", "Дені сау бала кабинеті" және "Аналарға балаларын тамақтандыру жөнінде үйрету мектебі" бойынша семинар сабақ өткізілді

         Ағымдағы жылдың, тамыз айының оныншы жұлдызы күні, Мұнайлы орталық аудандық емханасындағы,"Балалар шағындағы ауруларды ықпалдастыра енгізу" кабинетінде "Жүкті әйелдер мектебі", "Дені сау бала кабинеті" және "Аналарға балаларын тамақтандыру жөнінде үйрету мектебі" бойынша семинар сабақ өткізілді.

         Шараның басты мақсаты: Жүкті әйелдердің, жүктілік кезінде дұрыс тамақтануларын қадағалау, баланы емізу жолдарын үйрету және жаңа туылған нәрестеден, 3 жасқа дейінгі балалардың дұрыс тамақтану ережелері мен бала ауруларының алдын алу жолдарын түсіндіру. 

         Сонымен қатар, психолог маманы: М.Боранбаева, аналарға психологиялық кеңестер мен түсінік жұмыстарын жүргізе отырып, арнайы бетшелер таратты. 

       

        Қатысқан барлық аналар саны: 9.


        Мұнайлы орталық аудандық емханасы,

        10.08.2018 жыл.