Официальный интернет-ресурс

Государственное коммунальное казенное предприятие Мунайлинская центральная районная больница

Науқастық есепте тұрған, аудан тұрғындарын тегін емдеу мақсатында, "Ашық есік" ұйымдастырылып, 1 топ дәрігерлер қауымы, №01-19/782, 01.08.2018-ші жылғы бұйрық хатына сәйкес, Маңғыстау, Мұнайлы, Түпқараған және Бейнеу аудандарында орналасқан ауруханалар мен емханаларға, дәрігерлік іс-сапармен, аттануға шықты

            Ағымдағы жылдың, тамыз айының төртінші жұлдызы күні, науқастық есепте тұрған, аудан тұрғындарын тегін емдеу мақсатында, "Ашық есік" ұйымдастырылып, 1 топ дәрігерлер қауымы, №01-19/782, 01.08.2018-ші жылғы бұйрық хатына сәйкес, Маңғыстау, Мұнайлы, Түпқараған және Бейнеу аудандарында орналасқан ауруханалар мен емханаларға, дәрігерлік іс-сапармен, аттануға шықты.

           Негізгі мақсаты: Дәрігерлік есепте, яғни, тіркеуде тұрған науқастар мен мүгедектердің денсаулықтарын зерттеу, талдау және тегін медициналық көмекпен қамтамасыз ету. 

           Сонымен қатар, Мұнайлы орталық аудандық емханасына, Ақтау қалалық емханалардан: Онкохирург дәрігері: Махамбетов А.Ж, Онкогинеколог дәрігері: Бегимова А.Н, Эндоскопист дәрігері: Серикбаева А.М,  Маммолог дәрігері: Кожабеков Н.К, окулист, онколог дәрігерлері, ОМР жөніндегі меңгерушісі: Джарылкасынова Ж.К, атты білікті дәрігерлер және ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің, көрсету үшін белгіленген, тәжірибелік, консультациялық көмек беретін маманы, арнайы қабылдаулар жүргізді.

            Сондай-ақ, дәрігерлік қабылдаулар жүргізу барысында, науқастар мен асқазан, ішек ауруларының есебінде тұрған ауыл тұрғындарын, эндоскопиялық тексеруден өткізіп, ас қорыту, ішек жолдарын зерттеу мақсатында, сапалы емдеу жұмыстары өткізілді. 

           Дәрігерлік тіркеуде тұрған адамдар, кезекке тұрып, дәрігерлерден пайдалы кеңес алып, тегін медициналық көмекпен қамтамасыз етілді. 

          Сондай-ақ,  аудан тұрғындары, барлық дәрігерлерге өз алғыстарын айтып, әрқашан осындай науқастарға арнап, "Ашық есік" ұйымдастырып отыруларын ескерте кетті.


          Қатысқан дәрігерлер саны: 5.         

          Қатысқан аудан тұрғындарының саны: 63.


          Мұнайлы орталық аудандық емханасы,

          04.08.2018 жыл.