Ағымдағы жылдың, шілде айының төртінші жұлдызы күні, Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылындағы, №5-ші орта мектептегі, «Ұлан» жазғы демалыс сауықтыру лагерінде, «Жұқпалы ішек ауруларының және тағамнан уланудың алдын алу» бойынша акция өткізілді. Акцияға медбикелер, асхана аспаздары, жазғы лагерь қызметкерлері мен оқушылар қатысты.
Шараның мақсаты: Азық-түлік қауіпсіздігінің тиімді жүйесін қамтамасыз ету мәселелеріне бүкіл қоғамның, соның ішінде барлық мүдделі тараптардың (қоғамдық тамақтандыру мекемелері, азық-түлік өндірушілері мен жеткізушілері және т.б.) назарын аудару, сонымен қатар адамдарды жеке гигиена мен денсаулықты нығайтуға бейімделген бес ең басты қауіпсіздік тамақтану қағидаларын сақтау мәселелеріне назар аудару болып табылады.
Аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары: Рахметова Мадина Есентурдиева Г.У. «Қоғамдық тамақтану орындарында, балалардың жазғы сауықтыру орындарында, мектепке дейінгі білім беру орындарында жұқпалы ішек ауруларын болдырмау, алдын алу шаралары, қолданыстағы санитарлық қағидалары» жөнінде айтса, ал аудандық орталық аурухана эпидемиолог дәрігері: А. Серикбаева «Жұқпалы ішек ауруларының белгілері, емдеу, диагностикасы» туралы айтып өтті. СӨСҚООММ Мұнайлы аудандық филиалының меңгерушісі: Г.Жиенбаева, ақпараттық танымдық материалдармен қамтамасыз етіп, слайдтар, бейнероликтер корсетті.
Шараға 150-ге жуық адамдар қатысты.
Мұнайлы орталық аудандық емханасы,
04.07.2018 жыл.