Ағымдағы жылдың, маусым айының жиырма бесінші күні, СӨСҚООММ Мұнайлы аудандық филиалының ұйымдастыруымен, Маңғыстау ауылындағы, Каз почтада "Жіті ішек инфекциясының алдын алу" және "Нашақорлықтың алдын алу" жөнінде ашық есік өткізілді.
Шарада СӨСҚООММ Мұнайлы аудандық филиалының меңгерушісі: Г.Жиенбаева және педиатр дәрігері: А.Әбдраман, тұрғындарға жіті ішек инфекциясы және нашақорлық бойынша дәріс оқыды. Ал, медбикелер тұрғындардың қан қысымын өлшеп, ақпараттық материалдар таратты.
Қатысқан адамдар саны:28.
Мұнайлы орталық аудандық емханасы,
25.06.2018 жыл.