Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы "Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар департаменті" мемлекеттік мекемесінің 2018 жылғы 29-шы мамырдағы №29-20-13-03/1158-И хатына сәйкес, ағымдағы жылдың, маусым айының алтыншы жұлдызы күні, Мұнайлы орталық аудандық емханасының, балалар бөлімінде, аға медбике: Қонысбаева Қания Мекешқызының ұйымдастыруымен, ата-аналар арасында, "Суда адамдардың қазасын болдырмау мақсатында және аудан, ауыл тұрғындарына, судағы қауіпсіздікті ескерту мақсатында, түсінік жұмыстары жүргізілді.
Негізгі мақсаты: 1) Суға шомылатын жерді, жалпы жағдайды судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп алуын түсіндіру;
2) Балалардың, тамақтанған соң, бірден шомылмауын қадағалап отыруларын түсіндіру;
3) Суға тек қана рұқсат етілген жерлер мен жағажайларда шомылу қажет екенін түсіндіру;
4) Өте ұзақ шомылуға болмайтынын және қалтырау деңгейіне дейін жеткізбеу қажет екендігін түсіндіру;
5) Суға шомылар кезде, бір-бірінен, көзден таса қылмау, тысқары аумаққа шықпау, техникалык ескерту белгілері мен арнайы ережелерге бағынуларын ескерту.
Сонымен қатар, аудандағы барлық ауруханалар мен емханалар ішіндегі тақтайшаларға "Судағы қауіпсіздік" туралы арнайы жаднамалар ілініп, бейнероликтер, аудан, ауыл тұрғындарына, теледидар арқылы көрсетілетін болады.
Сондай-ақ, "Судағы қауіпсіздік" атты бейнеролик, аудан сайттарына жарияланатын болады.
Қатысқан ата-аналар мен балалар саны: 15.
Мұнайлы орталық аудандық емханасы,
06.06.2018 жыл.