Официальный интернет-ресурс

Государственное коммунальное казенное предприятие Мунайлинская центральная районная больница

Мұнайлы аудандық "Ішкі Істер" бөлімінде "Damumed" мобильдік қосымшасын түсіндіру туралы дәріс өткізілді

          Ағымдағы жылдың, мамыр айының отызыншы жұлдызы күні, Мұнайлы аудандық "Ішкі Істер" бөлімінде "Damumed" мобильдік қосымшасын түсіндіру туралы дәріс өткізілді. 

          Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2018-2019 жылдарға арналған "Цифрлы Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын орындау барысында, халықтың өмір сүру деңгейін көтеру мақсатында, денсаулық жүйесін цифрландыру бойынша іс-шаралар жүзеге асырылып, жұмыстар атқарылып келеді. 

         Соның ішінде, халықтың денсаулығын сақтауға арналған мобильдік қосымшаларды қолдану және бүгінгі таңда, аудан көлемінде қосымшаның қолдану көрсеткіші 1% құрайды. 

         Осыған орай,  "Damumed" мобильдік қосымшасын жүктеу (орнату) және түсіндіру жұмыстарын жүргізу барысында, әр басқарып отырған мекеме қызметкерлері де үйреніп, болашақта жүзеге асыратын болады. 


         Қатысқан адамдар саны: 38.


        Мұнайлы орталық аудандық емханасы,

        30.05.2018 жыл.