Официальный интернет-ресурс

Государственное коммунальное казенное предприятие Мунайлинская центральная районная больница

Мұнайлы орталық аудандық емханасындағы, жанұяны жоспарлау мектебінде, «Босануға дайындау, босану кезеңдері» атты тақырыбында семинар (денсаулық мектебі) өткізілді

          Ағымдағы жылдың, мамыр айының екінші жұлдызы күні, Мұнайлы орталық аудандық емханасындағы, жанұяны жоспарлау мектебінде, «Босануға дайындау, босану кезеңдері» атты тақырыбында семинар (денсаулық мектебі) өткізілді. 

          Семинардың негізгі мақсаты: Жүкті әйелдерге, жүктілік кезіндегі күтім жолдары мен босану кезіндегі ережелермен таныстырып, кеңінен түсіндіру. 

         Шара барысында, акушер-дәрігер: К.Казыева «Босануға дайындау, босану кезеңдері» жөнінде жүкті аналарға ақпарат берсе, Салауатты өмір салтын қалыптастыру облыстық орталығы, медициналық мекемесі, Мұнайлы аудандық филиалының меңгерушісі: Г.Жиенбаева тақырыпқа сай, ақпараттық-ағарту материалдарын таратып, денсаулық мектептерінің үздіксіз жұмыс жасайтыны жөнінде толықтай ақпарат берді. 

         Қатысқан адамдар саны: 7.


          Мұнайлы орталық адандық емханасы,

          02.05.2018 жыл.