Ағымдағы жылдың, мамыр айының жиырма бірінші жұлдызы күні, Батыр дәрігерлік амбулаториясында, психолог маманы: Жамалова Гүлімхан Аралбайқызының ұйымдастыруымен, жанұяны жоспарлау кабинетінде, жүкті әйелдер арасында, жас аналарды босануға дайындау мақсатында, "Жүктілік кезіндегі күтім" атты тақырыбында дәріс өткізілді. Жүкті әйелдер мен психолог арасында сұрақ-жауаптар талқыланып, жүктілік кезіндегі күтім және босану кезінде, қасында серіктестің ролі жөнінде біраз мәліметтер берілді.
Дәрістің негізгі мақсаты: Жүкті әйелдерге, жүктілік кезіндегі күтім жолдары мен босану кезіндегі ережелермен таныстырып, кеңінен түсіндіру.
Қатысқан жүкті әйелдер саны: 7.
Мұнайлы орталық аудандық емханасы,
21.05.2018 жыл.