Официальный интернет-ресурс

Государственное коммунальное казенное предприятие Мунайлинская центральная районная больница

БМСККО «Маңғыстау-5» ұйымдастыруымен, «Ниет» құрылыс дүкенінде және Маңғыстау – 5 емханасында «Біз темекісіз Қазақстанды қолдаймыз!» және «Демікпесіз өмір сүр!», «Артериалдық қан қысымыңызды бақылай отырып, өміріңізді басқарасыз» атты тақырыбына байланысты «Ашық есік» ұйымдастырылып өткізілді

        Салауатты өмір салтын қалыптастыру, Ұлттық орталығының тұжырымдамаларына сәйкес, 2018 жылдың, мамыр айының он бірінші жұлдызы күні, БМСККО «Маңғыстау-5» ұйымдастыруымен, «Ниет» құрылыс дүкенінде және Маңғыстау–5 емханасында «Біз темекісіз Қазақстанды қолдаймыз!» және «Демікпесіз өмір сүр!», «Артериалдық қан қысымыңызды бақылай отырып, өміріңізді басқарасыз» тақырыбына байланысты «Ашық есік» ұйымдастырып өткізілді. 

        Шара барысында жалпы тәжірибелік дәрігер: В.Турениязова дәріс оқып, қан қысымдарын өлшеді. 

        Психолог маманы: Фариза Шамшетова, тақырыпқа қосымша түсініктер берді. «Темекі»,«Бронх демікпесі» және «Артериалдық гипертония» бойынша денсаулық бұрыштары шығарылып, бетше-бүктемелер таратылды.

       Қатысқан адам саны-50.


       Мұнайлы орталық аудандық емханасы,

       11.05.2018 жыл.