Ағымдағы жылдың, мамыр айының он бірінші жұлдызы күні, БМСККО Атамекенде "Дүниежүзілік бронх демікпесіне қарсы күрес күніне орай" онкүндік және 12-ші мамыр "Бүкіләлемдік артериалдық гипертония күнін" өткізу туралы бұйрыққа сәйкес, ауыл тұрғындарының арасында шара өткізілді.
Шараның мақсаты: Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар жоспары аясында, тұрғындардың арасында бүкіләлемдік артериалдық гипертония жөнінде дәріс оқу кеңінен түсінік жұмыстарын жүргізу мақсатында. Тұрғындардың өз денсаулықтарына, жауапкершіліктерін арттыру.
Жалпы шараны, аға дәрігер: Джулдызова Ляззат Аубекировна, тәжірибелі дәрігер: Ажибаева Тұрсын Абдуллақызы және психолог маманы: Жамалова Гүлімхан Аралбайқызы дәріс өткізіп, өте кең түрде жеткізді.
Сондай-ақ, тұрғындар мен науқас адамдарға, медицина жағынан, тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуі жөнінде біраз кеңестер айтылды. Тұрғындар, дәрігер мен психолог маманына, өз ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын да айта кетті.
Қатысқан ауыл тұрғындарының саны:12.
Мұнайлы орталық аудандық емханасы,
11.05.2018 жыл.