Ағымдағы жылдың, мамыр айының бесінші жұлдызы күні, Мұнайлы орталық аудандық емханасындағы, "Жастар" орталығында, "Отан қорғаушылар күні" мейрамына орай, ер-азамат дәрігерлеріне арналған мерекелік кеш өткізілді.
Мерекелік кешті, директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары: Жумина Хадиша Хасанқызы ашып беріп, өз ниет-тілектерін айтып, шын жүректен, ер-азаматтарды құттықтады.
Сонымен қатар, барлық әйелдер қауымы, ер-азамат дәрігерлерді, шын жүректен құттықтап, өз тілектерін айтып өтті. Ұжым, мерекелік кешті, өте белсенді түрде атап өтіп, ерлер қауымы, өз ризашылықтары мен алғыстарын білдірді.
Мерекелік кештің негізгі мақсаты: Еліміздің болашағын ойлап, еліне деген адал қызмет етіп, өз елінің елеулі азаматы болып жүрген ер-азамат дәрігерлерді, шын жүректен құттықтап, ұжым ауызбіршілігін нығайту.
Қатысқан дәрігерлер мен медбикелер саны: 38.
Мұнайлы орталық аудандық емханасы,
05.05.2018 жыл.