Официальный интернет-ресурс

Государственное коммунальное казенное предприятие Мунайлинская центральная районная больница

Мұнайлы орталық аудандық емханасындағы, жанұяны жоспарлау мектебінде, «Қант диабетінің алдын алу» атты тақырыбында семинар-тренинг өткізілді

           Ағымдағы жылдың, мамыр айының төртінші жұлдызы күні, Мұнайлы орталық аудандық емханасындағы, жанұяны жоспарлау мектебінде, «Қант диабетінің алдын алу» атты тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. 

            Шараның негізгі мақсаты: Аудан тұрғындарына "Қант диабеті" жөнінде ақпарат бере отырып, алдын-алу жолдарын түсіндіру және салауатты өмір салтын қалыптастыруға шақыру.

          Шара барысында, эндокринолог дәрігері: Қойлыбаева Әсел Нұрхожақызы, «Қант диабетінің алдын алу» жөнінде толықтай ақпарат берсе, Салауатты өмір салтын қалыптастыру облыстық орталығы, медициналық мекемесі, Мұнайлы аудандық филиалы мамандары, тақырыпқа сай ақпараттық-ағарту материалдарын таратты.

          Барлығы 9 адам қамтылды.


         Мұнайлы орталық аудандық емханасы,

         04.05.2018 жыл.