Ағымдағы жылдың, мамыр айының үшінші жұлдызы күні, БМСККО Атамекен-1 емханасында, Комплексті медициналық ақпараттық жүйе "damumed" электронды қызметіне жауапты маман: Ғаниева Ақсана Исақызының ұйымдастыруымен, медбикелер және ауыл тұрғындарының арасында "damumed" электронды қызметі жөнінде түсінік жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, ауыл тұрғындарына, "damumed" электронды қызметі жөнінде, түсіндіру жұмыстарының жүргізілетін күндеріне байланысты арнайы кесте құрылды. Сол кесте арқылы, Ғаниева Ақсана Исақызы, ауыл тұрғындары мен БМСККО емханаларына барып, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отыратын болды.
Негізгі мақсаты: Ауыл тұрғындарына Комплексті медициналық ақпараттық жүйесі "Damumed" қызметін толықтай түсіндіре отырып, болашақта "Damumed" қосымшасын өздерінің ұялы телефондарына орнату арқылы, барлық медициналық мүмкіндіктерді пайдалануларымен қатар, электронды картаның жүктелу жолын түсіндіру.
Қатысқан дәрігерлер мен медбикелер саны: 20.
Мұнайлы орталық аудандық емханасы,
03.05.2018 жыл.