Официальный интернет-ресурс

Государственное коммунальное казенное предприятие Мунайлинская центральная районная больница

Комплексті медициналық ақпараттық жүйе "damumed" электронды қызметіне жауапты маман: Ғаниева Оксана Исақызының ұйымдастыруымен, БМСККО Атамекен емханасында, медбикелер мен ауыл тұрғындары арасында "damumed" электронды қызметі жөнінде түсінік жұмыстары жүргізілді

           Ағымдағы жылдың, мамыр айының екінші жұлдызы күні, БМСККО Атамекен емханасында, Комплексті медициналық ақпараттық жүйе "damumed" электронды қызметіне жауапты маман: Ғаниева Оксана Исақызының ұйымдастыруымен, медбикелер мен ауыл тұрғындары арасында  "damumed" электронды қызметі жөнінде түсінік жұмыстары жүргізілді. 

          Сонымен қатар, ауыл тұрғындарына,  "damumed" электронды қызметі жөнінде, түсіндіру жұмыстарының жүргізілетін күндеріне байланысты арнайы кесте құрылды. Сол кесте арқылы, Ғаниева Оксана Исақызы, ауыл тұрғындары мен БМСККО емханаларына барып, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отыратын болды. 

          Негізгі мақсаты: Аудан тұрғындарына Комплексті медициналық ақпараттық жүйесі "Damumed" қызметін толықтай түсіндіре отырып, болашақта "Damumed" қосымшасын өздерінің ұялы телефондарына орнату арқылы, барлық медициналық мүмкіндіктерді пайдалануларымен қатар, электронды картаның жүктелу жолын түсіндіру. 

          Қатысқан медбикелер мен тұрғындар саны: 40.


         Мұнайлы орталық аудандық емханасы,

         02.05.2018 жыл.