Официальный интернет-ресурс

Государственное коммунальное казенное предприятие Мунайлинская центральная районная больница

Маңғыстау облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру облыстық орталығы, медициналық мекемесі, Мұнайлы аудандық филиалының ұйымдастыруымен, Маңғыстау ауылындағы «Балалар мен жасөспірімділер спорт мектебінде», «Жол жарақат кезіндегі, алғашқы көмек және психологиялық кеңес беру» атты тақырыбында дәріс өткізілді

          Ағымдағы жылдың, сәуір айының он сегізінші күні, Маңғыстау облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру облыстық орталығы, медициналық мекемесі, Мұнайлы аудандық филиалының ұйымдастыруымен, Маңғыстау ауылындағы «Балалар мен жасөспірімділер спорт мектебінде», «Жол жарақат кезіндегі, алғашқы көмек және психологиялық кеңес беру» тақырыбында дәріс өткізілді. 

         Шараның негізгі мақсаты: мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар, жасөспірімділер, жастардың арасында жарақат мәселесіне мемлекеттік ұйымдардың, жұртшылықтың, БАҚ пен барлық халықтың назарын аудару, өзін-өзі сақтайтын мінез-құлықтық маңызы туралы ақпарат деңгейін арттыру және денсаулықты сақтау мен күшейту үшін жағдай жасауға ықпал ету, жарақаттың салдарынан болатын өлім-жетім мен мүгедектің алдын алу.
Шара барысында, Салауатты өмір салтын қалыптастыру облыстық орталығы, медициналық мекемесі, Мұнайлы аудандық филиалының меңгерушісі Г. Жиенбаева балаларға салауатты өмір салтын ұстану жөнінде ақпарат берсе, ал Мұнайлы аудандық Жедел жәрдем бөлімінің фельдшер маманы Н. Машарипов жол жарақаты кезіндегі алғашқы көмек көрсетуді практикалық жүзінде көрсетіп, толықтай ақпарат берді. Сонымен қатар Маңғыстау 5 дәрігерлік амбулаториясының психолог маманы: Ф. Шамшетова қызықты тренингтер жүргізе отырып, жол белгілерімен таныстыра отырып,тақырыпқа сай ақпараттық- ағарту материалдары таратты. 

         Барлығы 70 адам қамтылды.

        Мұнайлы орталық аудандық емханасы,

        18.04.2018 жыл.