Официальный интернет-ресурс

Государственное коммунальное казенное предприятие Мунайлинская центральная районная больница

БМСККО Атамекен аға дәрігері: Джулдызова Ляззат Аубекировнаның ұйымдастыруымен, жүкті әйелдер арасында "Жүктілік кезіндегі әйелдің өзіне дұрыс күтім жасау жолдары" атты дәріс өткізілді

         Ағымдағы жылдың, сәуір айының, он жетінші жұлдызы күні, БМСККО Атамекен аға дәрігері: Джулдызова Ляззат Аубекировнаның ұйымдастыруымен, жүкті әйелдер арасында "Жүктілік кезіндегі әйелдің өзіне дұрыс күтім жасау жолдары" атты дәріс өткізілді. 

        Сонымен қатар, психолог маманы: Жамалова Гүлімхан Аралбайқызы, жүкті әйелдерге, жүктілік кезіндегі күтімі мен бала күтімі жөнінде біраз мәліметтермен таныстырып, арнайы бетшелер таратты. Жүкті әйелдермен әңгімелесіп, қосымша талдау жұмыстарын жүргізді. 

        Дәрістің негізгі мақсаты: Медициналық мамандар дұрыс анықтама беру,  қажет жағдайда консультациялық көмек көрсету үшін болашақ ата-аналар организміндегі физикалық және психологиялық өзгерістер мен нәрестенің даму кезеңдерін айқын көрсету керек. Босануға физио-психопрофилактикалық дайындық және жеке әңгімелесулер мен лекцияларға қатысуларының қажеттігін түсіндіру. 

        Қатысқан жүкті әйелдер саны: 8.


       Мұнайлы орталық аудандық емханасы,

      17.04.2018 жыл.