Официальный интернет-ресурс

Государственное коммунальное казенное предприятие Мунайлинская центральная районная больница

Мұнайлы орталық аудандық ауруханасының "Жедел жәрдем" қызметкерлері арасында арнайы сенбілік іс-шарасы өткізілді

           Ағымдағы жылдың, сәуір айының он төртінші жұлдызы күні, Мұнайлы ауданы  әкімдігінің, 2018 жылғы, наурыз  айының он  екінші  күнгі, №86-шы қаулысына сәйкес, "Аудан  елді мекендерін  көгалдандыру, абаттандыру  және санитарлық тазарту іс-шараларын  өткізу  туралы"  Мұнайлы орталық аудандық ауруханасының "Жедел жәрдем" бөлімінің қызметкерлері арасында сенбілік іс-шарасы өткізілді.   

           Жалпы сенбілік іс-шарасына, жедел жәрдем қызметкерлері, дәрігерлер мен фельдшер медбикелер толық қатысты. Сенбілік барысында, барлық қызметкерлер өз міндеттерін толық атқарып, аула ішіндегі  тал-бұтақтарға сылау жұмыстарын жүргізді. 

          Сенбілік  іс-шараның  жалпы  мақсаты:  Аудан  аумағын  көгалдандыру,  тазалау, санитарлық  жағынан  қадағалау  және ұжым  арасында еңбек  белсенділігін  арттыру.

           Қатысқан  адамдар  саны: 25. 

          Мұнайлы  орталық  аудандық  емханасы,

          14.04.2018 жыл.