Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар жоспарының аясында, салауатты өмір салтын қалыптастыру, Ұлттық орталығының тұжырымдамасына сәйкес, сәуір айының оныншы жұлдызы күні, БМСККО "Атамекен" аға дәрігері: Джулдызова Ляззат Аубекировнаның ұйымдастыруымен, "Жасөспірімділер арасында ерте жүктіліктің алдын алу" тақырыбында дәріс өткізілді.
Аға дәрігер: Джулдызова Ляззат Аубекировна түсінік жұмыстарымен ашып берді. Дәрісті акушер-гинеколог: А.С.Жүсіп оқыды. Психолог маманы: Жамалова Гүлімхан Аралбайқызы, жалпы тақырыпқа қосымша түсінік жұмыстарын жүргізді. Дәріске 7, 8, 9-ші сынып қыз балалар және сынып жетекшілері қатысты.
Қыз балалар, дәрігерлер арасында, көптеген сұрақтар қойып, тұжырымды жауаптар алды. Сұрақ-жауаптар көпшілік арасында талқыланды.
Қатысқан адамдар саны: 165.
Мұнайлы орталық аудандық емханасы
10.04.2018 жыл.