Официальный интернет-ресурс

Государственное коммунальное казенное предприятие Мунайлинская центральная районная больница

1-маусым Балаларды қорғау күні.

 1-маусым  балалар қорғау күні, бұл күнді олардың өмірін қорғау, денсаулығын сақтау, болашақ ұрпаққа демократиялық неізде білім мен тәрбие жөніндегі  барша  әлемдегі озық пікірлердің тоғысқан  арнасы десек артық  айтқандық емес .  Дәл осы күні  болашақта адамгершілікке,  әділдікке,  баянды өмірге толы  қоғамды  дамыту оның  негізі – балаларға барлық  жағдай жасау  керек. Қазақ елі бала тәрбиесіне ерекше мән берген. Өйткені бүгінгі бала - елдің ертеңгі болашағы. Осы мерекеге  орай  Мұнайлы  аудандық орталық емханасының емдеу ісі жөніндегі  орынбасары  Ж. Шоланова және емхана меңгерушісі  С. Сариева  балаларға  ыстық ықыласын білдіріп жақсы тілектерін айтты.  Балаларға түрлі қойылымдар ұйымдастырылып, концерттік бағдарлама көрсетілді. Мерекелік дастархан жайылып балалар  ата-аналарымен  бірге  қызықты әрі  көңілді отырды. Шара барысында түрлі ойындар ойнатылды,  сыйлықтар үлестірілді.

 Әрқашан балаларымызды қорғап жүрейік!

Кішкентай балапандармыздың дені сау өмірлері ұзақ та мәнді болсын!