Ағымдағы жылдың, сәуір айының алтыншы жұлдызы күні, 12:15 уақытында, Мұнайлы ауданы, Маңғыстау-5 мекеніндегі, жарақаттың алдын алу мақсатында, №8-ші орта мектебінде, "Жол қозғалысын жадыңда сақта!" атты тақырыбы бойынша шара өткізілді.
Шараның мақсаты: Оқушыларға мектеп пен үй арасындағы "Үй-мектеп-үй"сызбасы салынып, көшедегі қауіпсіздік, өзін-өзі ұстау, дұрыс жүріп-тұру ережелері таныстырылып түсіндіру. Жол жүру ережелері туралы білімдерін пысықтау. Мектеп оқушыларына жарақат алған жағдайда көрсетілетін алғашқы көмек көрсету тәсілдерін көрсету.
Қолданылған құралдар: ақпараттық-ағарту материалдары, бейнеролик;
Өткізген мамандар: БМСККО Маңғыстау-5, ЖТД Куптлеуова Ж.П;
Қатысқан оқушылар саны: 82.
Мұнайлы орталық аудандық емханасы
06.04.2018 жыл.