Ағымдағы жылдың, сәуір айының бесінші жұлдызы күні, Маңғыстау селосындағы, Шоғы Мұңалұлы атындағы №5-ші орта мектептің, 4, 5, 8-ші сыныптары арасында, СӨСҚОММ мамандарының ұйымдастыруымен, "Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі", "Жол жарақатының алдын алу", "Салауатты өмір салтын ұстану", "Жеке бас гигиенасы"атты тақырыптарында дәріс өткізілді.
Дәрістің негізгі мақсаты:
1) Оқушылардың жақсы денсаулығының, жан - жақты дамуының кепілдігі - тиімді және үйлесімді тамақтану болып саналатынын, «Салауатты өмір салтының» анықтамасын, ата – аналармен, мектеп дәрігерімен, аспазшылармен бірлесе отырып тұжырымдау;
2) Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің белгілерімен таныстыру. Зейіні мен ойлау қасиеттерін дамыту;
3) Адам өміріндегі салауатты өмір салтын ұстанудың мәнін түсіндіру;
4) Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру және дұрыс тамақтанудың денсаулық үшін маңыздылығын түсіндіру, тазалық, жеке бас гигиенасын, мәдени дағдыларын қалыптастыру.
Қатысқан адамдар саны: 220.
Мұнайлы орталық аудандық емханасы
05.04.2018 жыл.