1. Тарықпаңыз. Есіңізде болсын, адамның ішкі жағдайы, көңіл-күйі өзгермелі, депрессия мен мазасыздану міндетті түрде өтіп кететініне әр уақытта сенуіңіз керек.
2. Қиындықтан құтқару құралыңыз сияқты ішімдікке немесе темекіге ұмтылғаннан пайда бар ма? Өмірде одан да басқа көптеген, денсаулыққа зияны жоқ, депрессия мен мазасызданудан шығаратын тәсілдер бар, олар – жақсы әуен, достармен әңгімелесу, спорт, серуен, көңіл көтеру және т.б.
3. Сіздің көңіл-күйіңіздің нашар болуы неден екенін түсінуге тырысыңыз. Мүмкін, бұл жағдай белгілі адамдармен талас-тартысқа, жеке басыңыздың шешілмеген мәселелеріне, шаршауыызға, немесе ұзақ уақытқа созылған стресске байланыты шығар. Мұндай жағдайларда Сізге әсері ауыр тиетін нәрселердің болмағаны жөн. Оларды ең болмаса азайтуға немесе сол мәселелерге өзіңіздің қатысыңызды төмендетуге міндетті түрде тырысуыңыз керек. Оған шамам келеді деп өзіңізге сеніңіз.
4. Өзіңізді терең ойландырып толғандыратын мәселелерге қайталап соқпауға тырысыңыз. Өмірдің үйреншікті ырғағына түспестен жаңалық ендіруге тырысыңыз.
5. Ең басты мәселе: депрессия мен мазасыздану кернеп жүрген кезде оның себептерін жою туралы маңызды шешімдерді қабылдамаңыз. Мұндай жағдайда Сіз теріс бағалап жүрген мәселелер бұрмаланған қалыпта қабылданған болуы мүмкін. Жылдам қабылданған шешім қызбалықпен әрекет жасауға алып келуі мүмкін. Оқиғаның мән-жайына, мәселенің негізіне толық түсінгеннен кейін өзіңіздің жіберген қатеңізге қатты өкініп, кінәні сезінуден, айырыла алмай қиналасыз.
6. Өзіңіздің таныстарыңыз, достарыңыздың арасында әңгімелесу кезінде бейтарап, өзіңізге қатысы жоқ тақырыпта сөйлескен жөн. Өз мәселелеріңіз туралы ойламауға тырысыңыз. Әйтпесе сіз өз жағдайыңыздан шыға алмай қаласыз.
7. Көбінесе депрессияғ жыл мезгілі де себеп болады. Мысылы, көптеген адамдар үшін, қыс айларындағы күннің тұнжыраңқысы, тәуліктің жарық уақытының қысқаруы, табиғат көрінісінің біркелкілігі, көктем айларында ағзаның қыстағы қысылыстан шаршауы т.с.с. жыл мезгілі жағдайларымен түсіндірілетін психологиялық қатынас жасауға қиындықтар орын алады. Өзіңіздің денсаулығыңызды күтудің үлкен мәнді түрі – витаминдерді қабылдау, бірқалыпты және уақытылы ұйықтау, тынығудың басқа түрлерімен ұштастырған жөн.
8. Көңіл-күйіңіздің қолайлы сәттерінде Сіздің өміріңізде болған жағымды кездерді, бақытты уақыттардың ұсақ-түйектеріне дейін еске түсіріп, қайтадан бастан өткізгендей сезімге бөленіңіз.
9. Менің барлық алдымда тұрған проблемаларды шешуге шамам келеді деген ұстаным сіз үшін жетекші екенін ұмытпаңыз.