Официальный интернет-ресурс

Государственное коммунальное казенное предприятие Мунайлинская центральная районная больница

Мұнайлы ауданы әкімдігінің, 2018 жылғы, наурыз айының он екінші күнгі, №86 қаулысына сәйкес, "Аудан елді мекендерін көгалдандыру, абаттандыру және санитарлық тазарту іс-шараларын өткізу туралы" Мұнайлы ауданы аумағында сенбілік шарасы өткізілді

           Ағымдағы  жылдың, наурыз  айының  отыз бірінші  жұлдызы  күні, Мұнайлы  ауданы  әкімдігінің, 2018 жылғы, наурыз  айының он  екінші  күнгі, №86-шы қаулысына сәйкес, "Аудан  елді мекендерін  көгалдандыру, абаттандыру  және санитарлық тазарту іс-шараларын  өткізу  туралы" Мұнайлы  ауданы  аумағында сенбілік шарасы өткізілді. 

          Сонымен қатар,  Баянды ауылының  "Бердібек" қорымының  аумағын  тазалау  жұмыстарына  жұмылдырылатын мемлекеттік  мекеме,  қызметкерлерді  тасымалдауға  автобус  ұйымдастырды. 

          Сондай-ақ, барлық  мекеме  қызметкерлері,  сенбілік  іс-шараға  белсене  қатысып,  өз  міндеттерін  толықтай  орындады. 

           Сенбілік  іс-шараның  жалпы  мақсаты:  Аудан  аумағын  көгалдандыру,  тазалау, санитарлық  жағынан  қадағалау  және ұжым  арасында еңбек  белсенділігін  арттыру.

           Қатысқан  адамдар  саны: 105. 


          Мұнайлы  орталық  аудандық  емханасы,

          31.03.2018 жыл.