Ағымдағы жылдың, наурыз айының он алтыншы жұлдызы күні, Маңғыстау облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру облыстық орталығы, медициналық мекемесі, Мұнайлы аудандық филиалының ұйымдастыруымен, Дәулет ауылындағы №4-ші орта мектептің оқушыларына «Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес» атты тақырыбында семинар өткізілді.
Шараның негізгі мақсаты: Халыққа туберкулездің алдын алу және дер кезінде медициналық көмек алу қажеттілігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
Шара барысында БМСККО Дәулет жалпы тәжірибелік дәрігер: Ф.Набиева, Д. Базарбай түсінік жұмыстарын жүргізді.
Қатысқан адамдар саны-80.
Мұнайлы орталық аудандық емханасы
16.03.2018 жыл