Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар жоспарын орындау аясында, халыққа туберкулездің алдын алу және дер кезінде медициналық көмек алу қажеттілігі туралы ақпараттандыруды арттыру мақсатында, ағымдағы жылдың, наурыз айының он алтыншы жұлдызы күні, БМСККО "Атамекен" аға дәрігері Л.А.Джулдызованың ұйымдастыруымен, №7-ші орта мектепте "Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес аурудың алдын алу" атты тақырыбында, дәріс өткізілді.
Дәрісті фтизиатр дәрігері: М.Т.Енсеева М.Т. оқыды. Психолог маманы: Г.А.Жамалова қосымша түсінік, үгіт, насихаттау жұмыстарын жүргізді. Дәріс мұғалімдер, кіші қызметкерлер және оқушылар арасында жүргізілді. Денсаулық бұрышы жасақталып, тыңдаушыларға туберкулездің алдын алуы, жұқпалы ауру екендігі жөнінде кеңінен түсініктер айтылды.
Сондай-ақ, дәрігер мен қатысушылар, өзара сұрақ-жауаптармен алмасты.
Қатысқан адамдар саны: 31.
Мұнайлы орталық аудандық емханасы
16.03.2018 жыл.