Ағымдағы жылдың, наурыз айының бесінші жұлдызында, Маңғыстау облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру, облыстық орталығы медициналық мекемесі, Мұнайлы аудандық филиалының ұйымдастыруымен, Маңғыстау ауылы, №5 Шоғы Мұңалұлы атындағы орта мектебінде, 8 Б, 8 В сыныптарына «Туберкулез – созылмалы жұқпалы ауру» тақырыбында дәріс өткізілді.
Шараның негізгі мақсаты: Халықты профилактикалық шаралар, туберкулездің алғашқы белгілері, уақытында медициналық көмекке жүгінудің маңызы және емделудің тиімділігі туралы ақпарат алуын арттыру.
Қамтылған адамдар саны-37.
Мұнайлы орталық аудандық емханасы
06.03.2018 жыл.