Ағымдағы жылдың, наурыз айының бесінші жұлдызында, Маңғыстау ауылындағы, Шоғы Мұңалұлы атындағы №5 жалпы орта білім беру мектебінде, СӨСҚОММ маманы Г.Жиенбаева және туб.диспансер бөлімінің меңгерушісі: Ш.Сапарбаеваның ұйымдастыруымен, мектеп қызметкерлеріне "Туберкулездің алдын-алу" атты шара өткізілді.
Шараның мақсаты: Қазіргі адамзат ұрпағына төніп тұрған проблеманың түйінін ашу. Туберкулез сияқты аурудың пайда болуын, қоғамға, адамға осы аурудың зардабын түсіндіру, ашып көрсету.
Қатысқан адамдар саны: 12.
Мұнайлы орталық аудандық емханасы
05.03.2018 жыл