Ағымдағы жылдың, қаңтар айының 16-шы жұлдызында, "Маңғыстау облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру, облыстық орталығы медициналық мекемесі" Мұнайлы аудандық филиалының ұйымдастыруымен, Маңғыстау ауылындағы «Балалар мен жасөспірімдер" атты спорт мектебінде «ЖИТС-тің алдын-алу» тақырыбында семинар өткізілді.
Шараның негізгі мақсаты: "АИТВ" құбылысы туралы ұғымды түсіндіру. Қазіргі уақытта "АИТВ-жұқпасы" ол адамның жасына, жынысына, әлеуметтік жағдайына қарамастан кез-келген адамға жұғуы мүмкін. Есте болу керек – "АИТВ-жұқпасы" ол ауру, оны алдын алуға және емдеуге болады.
Облыстық "ЖИТС" орталығының Мұнайлы аудандық координаторы: Г.К Аманжолова "ЖИТС-тің алдын алуы және жұғу жолдары" аты тақырыбында дәріс оқыды және тақырыпқа сай ақпараттық - ағарту материалдары таратылды. Барлығы 14 адам қамтылды.
"Мұнайлы орталық аудандық ауруханасы"
17.01.2018 жыл