Ағымдағы жылдың ақпан айының 2-ші жұлдызында, Маңғыстау облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру облыстық орталығы медициналық мекемесі Мұнайлы аудандық филиалының ұйымдастыруымен, Маңғыстау ауылы, «Айгөлек» балабақшасында, «Тұмаудың алғашқы белгілері, жұғу жолдары, алдын алу» және «Жатыр мойнының қатерлі ісігі » тақырыбында дәріс өткізілді.
Шараның негізгі мақсаты: барлық халықтың, әсіресе ауыру қауіпі жоғары тұлғалар арасында, оның ішінде емшектегі, ерте жастағы, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың ата-аналары арасында уақытында вакцинациялаудың қажеттілігі туралы ақпараттандыру және әйелдердің өз денсаулықтарына жауапкершілігін арттыру, жатыр мойнының қатерлі ісігінің алдын-алу, уақытылы скринингтен өту керектігі жайында кеңінен түсінік жұмыстарын жүргізу.
Салауатты өмір салтын ұстану мақсатында үгіт насихат жұмыстарын жүргізу барысында Мұнайлы орталық аудандық аурухана инфекционист дәрігері: Асия Сапаргалиева «Тұмаудың алғашқы белгілері, жұғу жолдары және алдын-алу» тақырыбында және ЖРВИ эпидемиологиясы, клиникалық көрсеткіштері жөнінде дәріс оқыды. Онколог дәрігері Ж. Давлетмұратова "Жатыр мойнының қатерлі ісігі" жөнінде толықтай ақпарат беріп, тақырыпқа сай ақпараттық-ағарту материалдары таратылды.
Қамтылған адам саны --13.
"Мұнайлы орталық аудандық ауруханасы"
05.02.2018 жыл