Салауатты өмір салтын қалыптастыру облыстық орталығы медициналық мекемесінің Мұнайлы аудандық филиалының ұйымдастыруымен, Атамекен 1 ауылының №12 орта мектебінде «Халықаралық темекіден бас тарту күні» күніне орай семинар өткізілді.
Шараның басты мақсаты – оқушыларға темекінің пайда болуын, темекі түтініндегі зиянды улы заттардың адам ағзасына зиянын түсіндіру және салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.
Семинарда психолог маманы Г. Жамалова және фтизиатр дәрігері Ж. Бекбауова темекі түтініндегі зиянды улы заттардың адам ағзасына зияны жөнінде түсіндірді. Тақырыпқа сай ақпараттық ағарту материалдары таратылды