Салауатты өмір салтын қалыптастыру
облыстық орталығы медициналық мекемесінің Мұнайлы аудандық филиалы мамандары ұйымдастыруымен,
Мұнайлы аудандық орталық емханасында «2017 жылдың 14 қарашасында Дүниежүзілік
қант диабетімен күрес күніне»
байланысты ашық есік өткізілді. Эндокринолог дәрігері Қойлыбаева Асем
Нұрқожаевна тұрғындарға «Қант диабетінің
белгілері» және «Қант диабетінің
дамуының қауіпті факторлары» жөнінде толықтай мәлімет берді. Шара барысында
ОСӨСҚПО ММ Мұнайлы аудандық филиалының мамандары ақпараттық ағарту материалдарын таратты.