Официальный интернет-ресурс

Государственное коммунальное казенное предприятие Мунайлинская центральная районная больница

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

Мұнайлы аудандық орталық аурухана әкімшілігінің жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 06 қараша күні Мұнайлы ауданы Маңғыстау селосындағы «Халыққа қызмет көрсету орталығында» Мұнайлы аудандық орталық емхана терапевт дәрігері Турганова Д.С және медбикесі Әдбіхалықова П.Қ «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» жүйесін енгізу бойынша түсіндіру жұмысын жүргізді. МӘМС жүйесі бойынша тұрғындарға толықтай ақпарат берілді. Сондай ақ жүргізілген шарада тұрғындардың қан қысымын өлшеп дәрігерлік кеңестер берілді.