Официальный интернет-ресурс

Государственное коммунальное казенное предприятие Мунайлинская центральная районная больница

«Салауатты өмір ұстану»

 Мұнайлы орталық ауңдандық ауруханасы және  СӨСҚОО Мұнайлы аудандық филиалының ұйымдастырумен, Мұнайлы ауданы Даулет ауылында №4 жалпы білім беру орта мектеп жанында ашылған «Ақжелкен» жазғы сауықтыру орталығында «Салауатты өмір ұстану» және «Ішек жұқпаларының алдын алу», «Жол жарақаттары» тақырыбында кең шара өткізілді. Шарада БМСККО Даулет аға дәрігері Р.Өтеғұлова «Салауатты өмір ұстану» және «Ішек жұқпаларының алдын алу» тақырыбында өткізсе, ал мектеп инспекторы «Жолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтау» тақырыптарында дәріс өткізді. Шара соңында БМСККО психологі балаларға көңілді түрде тренинг өткізді. Балалар шараға белсене турде қатысты. Шараға барлығы 220-ге жуық адам қамтылды.