Официальный интернет-ресурс

Государственное коммунальное казенное предприятие Мунайлинская центральная районная больница

«Нашақорлық аздырар адам баласын»

Мұнайлы орталық аудандық ауруханасы және Салауатты өмір салтын қалыптастыру оталығының Мұнайлы аудандық филиалының мамандары «Жібек жолы» базарында өткен жәрменкеде «Халықаралық нашақорлықпен және заңсыз есірткі айналысымен күрес» күніне орай «Нашақорлық аздырар адам баласын» тақырыбында «Ашық есік» ұйымдастырып өткізді. Нарколог медбикесі Ж. Турмаганбетова тұрғындардың қан қысымын өлшеп, нашақорлықтың алдын алу жөнінде ақпарат беріп, қойған сұрақтарына жауап берді.СӨСҚО мамандары тұрғындарға «Ертеңгі күнің өзіңе ғана байланысты! Салауатты өмір сүр!», «Есірткіге-жоқ деп айт!» бойынша бүктемелер және «Тұрғындар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы нені білуге тиіс?» атты кітапшалар таратылды. Қамтылған адам саны – 280.