«Халықаралық нашақорлықпен және заңсыз есірткі айналысымен күрес» күні
20.06.2017күні Мұнайлы орталық аудандық
ауруханасының наркология бөлімшесінде Мұнайлы орталық аудандық ауруханасы және СӨСҚОО Мұнайлы аудандық филиалының
мамандары «Халықаралық нашақорлықпен және заңсыз есірткі айналысымен
күрес» күніне орай «Ашық есік» ұйымдастырып өткізді. Шарада нарколог
дәрігері А. Бужанов және СӨСҚО мамандары қатысқан тұрғындарға
нашақорлықтың алдын алу жөнінде толықтай ақпарат беріп «Ертеңгі күнің
өзіңе ғана байланысты! Салауатты өмір сүр!», «Есірткіге-жоқ деп айт!»
жөнінде бүктемелер, бетшелер таратты. Қатысқан адам саны -42.