"Жедел ішек аурулары"
БМСККО «Басқұдық» емханасында жедел ішек
аурулары бойынша тұрғындарға семинар өткізілді. Семинарда тұрғындар
арасында жедел ішек инфекциясының жұғу жолдары, ауырған жағдайда көмек
көрсету және алдын алу шаралары жөнінде кеңінен түсіндірілді. Психолог
маманы Ж.Тажибаева семинарды толықтырып , бетшелер, бүктемелер таратты.
Қамтылған адам саны-35.