Официальный интернет-ресурс

Государственное коммунальное казенное предприятие Мунайлинская центральная районная больница

«Ерте жастан некелесуді, жыныстық қатынасқа туралы»

05.05.2017 жылы БМСККО «Атамекен» аға дәрігері Л.Джулдызованың ұйымдастыруымен  «Ерте жастан некелесуді, жыныстық қатынасқа бармау туралы» тақырыбымен №7 орта мектепте 9 сынып қыздар арасында дөңгелек үстел ұйымдастырып өткізілді. БМСККО Атамекен аға дәрігері Л.А Джулдызова жыныстық қатынасқа ағза қай кезден бастап дайын болатыны, етеккір келетін уақыты, түсіктің зардабы туралы кеңінен түсінік берді. БМСККО Атамекен психолог маманы Г.А Жамалова жасөспірімдер арасындағы жүктіліктің себептері. Зорлық, жасөспірімдер жүктілігінің бір себебі, жасөспірімдер жүктілігінің алдын алу, жасөспірімдер арасындағы жүктіліктің зардаптары туралы түсіндірілді. Оқушылар тарапынан сұрақтар қойылып, жауап және кеңестер берілді. Қатысушыларға осы тақырып жөнінде бетшелер таратылды. Барлығы қатысқан – 22 оқушы.