Официальный интернет-ресурс

Государственное коммунальное казенное предприятие Мунайлинская центральная районная больница

«1-мамыр-Қазақстан халықтарының бірлігі күні»

Мұнайлы ауданында «1-мамыр-Қазақстан халықтарының бірлігі күні»-не арнап ұйымдастырылған мерекелік шара өтті. Мерекелік шарада Мұнайлы ауданы әкімі Тәжібаев Нұрлан Төлегенұлы аудан тұрғындарын «1 Мамыр- Қазақстан халықтарының бірлігі» мерекесімен құттықтады. Сонымен қатар, тұрғындарға арналған концерт, аудан жастарының дайындаған әрбір ұлттың ұлттық тағамдары, қол-өнер бұйымдары, сурет көрмесі, түрлі этностардың ұлттық ерекшеліктеріне сәйкес билер билеп, әндер шырқалды және алаңда ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды.

Ыстық ықылас пен достықтың  мейрамы – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі құтты болсын! Сіздерге бақыт пен қуаныш, дендеріңізге саулық және отбасыларыңызға амандық тілейміз!